Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайы

Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайы

Қазіргі уақытта Ырғыз ауданының Құйлыс, Жайсаңбай және Белшер ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жағдайды зерделеу және жедел шаралар қабылдау үшін Ақтөбе облысы ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов Ырғыз ауданында.

Аудан аумағында Торғай өзенінің су деңгейінің көтерілуі 11 сәуірден басталды.

ҚР ІІМ Ми-171 (88) тікұшағымғен аудан орталығына 100 матрас және 10 мың қап жөнелтілді.

Сондай ақ ТЖД басшылығымен Қорғаныс министрлігінің тікұшағында құтқарушылар Ырғыз ауданы Нұра, Мамыр және Белшер ауылдарының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Үш ауылдан құтқарушылар күшімен 876 адам эвакуацияланды. №1, №2 және Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектептерге орналастырылды.

Айтып өткен жөн, 14 сәуір күні Мамыр және Нұра ауылындарында топырақтан үйіндісінен жасалған қорғаныс бөгеті шайылып, елді мекендерді су басты. Екі ауылда да су он үйге кірді.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев пен ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов Ырғыз ауданында су тасқынына қарсы күрес шараларының барысын, аумақтың су басу қаупін бағамдайды.

 

Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы