Ақмола облысы Атбасар ауданында 50-ден астам адам эвакуацияланды

Ақмола облысы Атбасар ауданында 50-ден астам адам эвакуацияланды

Есіл өзенінің деңгейінің күрт көтерілуіне байланысты шұғыл түрде Самарка ауылынан 53 адам, оның ішінде 25 бала, сондай-ақ олардың малдары Атбасар қаласына эвакуацияланған.

Құтқарушылар көмегімен және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерімен Самарка ауылының жалпы білім беретін мектебін судан қорғау жұмыстары – қосымша бөгет жасау, құм толтырылған қаптарды төсеу, мотопомпа арқылы суды тарту жұмыстары жүргізілуде.

Нәтижесінде мектепті су басуға жол берілмеді. Қазіргі таңда аталмыш жұмыстар жалғасуда және тәулік бойы жүргізілуде.

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі