Павлодарлық құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыруда

Павлодарлық құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыруда

Павлодар облысы ТЖД күштері мен құралдары тұрғындарды, үй жануарларды, материалдық құндылықтарды эвакуациялаумен айналысып,   су басқан аудандарға азық-түлік жеткізу бойынша жұмыстар атқарып жатыр. Құтқарушылар саяжай учаскелерін аралап, жергілікті тұрғындарды эвакуациялау туралы хабардар етуде. Эвакуация кезінде Ертіс өңірінің Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен Заречный кенті мен Петропавл қаласының 9 тұрғыны тексерілді.

Тұрғындарға тікелей көмек көрсетуден басқа, құтқарушылар өз әрекеттерін үйлестіру және жағдайға жедел әрекет жасау үшін жергілікті органдармен тығыз жұмыс істеуде.

Павлодар облысы ТЖД күштері мен құралдары су тасқынының алдын алу және су деңгейін бақылау бойынша бөгеттер мен басқа да гидротехникалық құрылыстардың тұрақтылығын нығайту және арттыру жөнінде шаралар қабылдауда. Жұмыстар тәулік бойы атқарылуда.

 

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі