
Жетісу облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қаратал өзенінде Үйтас саяжай қоғамының ауданында ересектердің қарауынсыз шомылып, өзеннің ортасына жүзіп, жағаға өз бетінше орала алмаған екі кәмелетке толмағандарды құтқарды.
Құтқарылған 2011 жылы туылған екі бала жағаға жеткізілді, медициналық көмек қажет емес.
Құтқарылғандармен және ата-аналарымен судағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық түсіндіру-әңгіме жұмыстары жүргізілді.
Жетісу облысының ТЖД азаматтарды судағы қауіпсіздіктің барлық ережелерін сақтауға шақырады.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі