
Батыс Қазақстан облысында жергілікті маңызы бар автожол арқылы 1 судың өтуі және 38 жол төсемін су шайып кетуі бақылауда.
Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарында Көлік қатынасы жоқ 9 елдімекен бар. 1905 саяжайды су басты. Жергілікті масштабта 6 төтенше жағдай жарияланды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі сақталуда.
Жайық өзені бойынша судың келуі 3000 м3/сек. Шаған және Деркөл өзендерінің тасқын ағынының нәтижесінде өзендердің жайылма бөлігінде орналасқан Орал қаласының саяжай массивтері су астында қалды.
Қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су айдау жүргізілуде.
Облыс аумағындағы өзендер қауіпті деңгейге жеткен жоқ (қауіпті/нақты): Жайық - 850 см/761 см.
14 сәуірдегі жағдай бойынша сағат 20.00-де Ириклин су қоймасында 447 текше метр/с ағызу жүргізіледі, келуі 510, толтыру 99%, Урал өзенінің деңгейі (Орынбор қ.) 1176 см.
13 259 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 544 бала, 19 мүмкіндігі шектеулі. Эвакуациялық пункттерде 1 821 адам орналасқан, оның ішінде 781 бала, 11 438 адам туыстарында. 4907 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды.
Облыс бойынша барлығы 1 020 мың м3 еріген қар суы сорылды, 662 мың дана қапшық және 3 657 мың тонна инертті материал төселді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына 6 478 адам, 1 219 бірлік техника, 198 бірлік су сору құралы, 156 дана жүзу құралы және 3 вертолет жұмылдырылған.
Авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін 7 өңірден қосымша күштер мен құралдар тартылды.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі