Қазіргі уақытта облыс аумағында су тасқыны тұрақты-күрделі режимде өтуде.
Елді мекендерді қорғау үшін ұзындығы 36 мың м. үйінділер тұрғызылып нығайтылды, 2 млн. астам текше метр су сорылды, 200 мыңнан астам инертті материал салынған қапшықтар төселді, 85 км-ден астам каналдар мен арықтар тазартылды және тереңдетілді, 1443 су өткізу құрылысы тазартылды.
Авариялық-құтқару жұмыстарына 1457 адам, 297 техника, 19 жүзу құралы, 70 мотопомпа жұмылдырылды.
Бүгінгі таңда эвакуацияланған 1907 тұрғын үйлеріне оралды.
ТЖ, қорғаныс және ішкі істер министрлігінің өзара іс-қимылы аясында су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуді күшейту үшін қосымша күштер мен құралдар жұмылдырылды. Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанттары мен офицерлері белсенді көмек көрсетуде. Сондай-ақ, су тасқыны салдарын жоюға 420 волонтер де қатысуда.
18 мыңнан астам мал уақтылы эвакуацияланды, бұл су тасқыны кезеңінде олардың өліміне жол бермеуге мүмкіндік берді.
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда облыстағы су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауда.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі