
Жылыой ауданындағы су тасқыны жағдайы бақылауда. Құлсары қаласында су тасқыны басталғаннан бері Жем өзенінің су деңгейі бастапқыдан 107 см төмендеді. Алдыңғы ақпараттарға сәйкес Құлсары қаласының 2810 тұрғын үйін және әкімшілік нысандарын су басты. Алайда, су деңгейінің 15 см төмендеуі негізінде 12 тұрғын үйден су тартылды. Қазіргі таңда жалпы саны 2798 тұрғын үй және әкімшілік нысан су астында.
Жылыой ауданында су тасқыны кезеңінде барлығы 36 738 адам эвакуацияланды, оның 8382-і бала.
Тәулік бойы мониторинг жүргізіліп, нақты жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамдарды су басу аймақтарынан алдын ала эвакуациялау және құтқару бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.
Бүгінгі таңда Атырау облысына республиканың түкпір-түкпірінен 700 тоннадан астам гуманитарлық көмек келіп түсті.
Сондай-ақ, облыс бойынша, қала, Индер, Махамбет аудан бойынша жағалауды нығайту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Су басқан үйлердің тұрғындарынан және ұйым мен мекеме басшыларынан, бизнес субъектілерінен төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында су деңгейі толық төмендегенге дейін су басқан аумақтарға кірмеуін сұраймыз.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы