
Жылыой ауданы Құлсары қаласында су тасқыны басталғалы бері құтқарушылар тәулік бойы адамдарды құтқарып, эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдың бөлімшелерінен Жылыой ауданында төтенше жағдайлар бөлімі, өрт сөндіру қызметінің №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, №9 өрт өндіру бөлімі бар. Осы бөлімдерде қызмет атқаратын қызметкерлердің арасында өз баспаналары суға кеткен қызметкерлеріміз де бар.
Атап айтар болсақ, Жылыой ауданы ТЖБ бастығының міндетін уақытша атқарушы Қ. Кенжебеков, Жылыой ауданы ТЖБ инженері А. Нурсултан, №2 МӨСБ радиотелефоншысы С. Жамал, №2 МӨСБ аға инженері Б. Қоскиев, №2 МӨСБ жүргізушісі Н.Оразов, №2 МӨСБ жүргізушісі Н. Камзаев, №9 ӨСБ жүргізушісі А.Алмагамбетов, №9 ӨСБ ГТҚҚ аға шебері А. Капашев.
Аталған қызметкерлер өз үйлері суға кетсе де, қызметтік міндеттерін адал орындаап келеді. Алайда өз үйлері суға батса да құтқарушылардың басты мақсаты тұрғындарды құтқару, эвакуациялау болды.
Құлсары қаласында су тасқыны кезеңінде 37 мыңға жуық адам эвакуацияланып. Сонымен қатар 10 мыңнан астам бас малды қауіпсіз жерге көшірді.
«Мен адамдарды құтқару жұмыстарын жүргіздім, сын сағатта маған берілген міндетті орындадым. Ал өз үйім суға кетіп жатқанда басқа әріптестерім отбасымды ата-анамды, балаларымды эвакуациялық пункттерге көшіруді жүзеге асырған. Қазіргі уақытта отбасым Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына уақытша тұрақтады. Ал өзім тасқын суды жою жұмыстарына қатысудамын» - деп атап өтті Нұрболат Оразов.
Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы