
Қала және облыс аумағында су басқан тұрғын үйлер мен аула аумақтары жоқ.
Жергілікті маңызы бар автожол арқылы 1 судың өтуі және 63 жол төсемін су шайып кетуі бақылауда.
Көлік қатынасы жоқ 9 елдімекен бар: Қаратөбе ауданы Қособа, Аққозы, Қоржын, Ақтайсай, Бесоба, Алакөл, Сәуле, Қарақамыс ауылдары, Шыңғырлау ауданы Ақтау ауылы.
Орал қаласында, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандарында 830 саяжайды су басты
Жергілікті масштабта 6 төтенше жағдай жарияланды.
Облыс аумағындағы өзендер қауіпті деңгейге жеткен жоқ (қауіпті/ нақты): Жайық - 850 см/736 см, Шаған - 1280-1300 см/962 см.
13068 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5472 бала, 19 мүмкіндігі шектеулі. Эвакуациялық пункттерде 1819 адам орналасқан, оның ішінде 877 бала. 4886 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды.
Облыс бойынша барлығы 1 021 618 м3 еріген қар суы сорылды, 363 936 дана қапшық төселді, қазіргі уақытта 5261 адам, 825 бірлік техника, 5 бірлік мотопомпа, 14 дана жүзу құралы және 2 вертолет жұмылдырылған.
Сондай-ақ, 4 сағат сайын Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі бойынша адамдарды уақытша орналастыру пункттерін атай отырып, телерадиоарналардан хабарлама беру жүзеге асырылуда.
Авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін үш өңірден Алматы қаласынан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарынан қосымша күштер мен құралдар тартылды.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі