
Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен СҚО ТЖД және жергілікті тұрғындармен бірлесіп, Покровка ауылында 4750 дана қапшық, 150 тонна инертті материал төседі.
Қазіргі уақытта 13,5 мың текше метр су сорылды.
Екі күнде 122 адам, оның ішінде 2 бала эвакуацияланды. 112 үй жануары қауіпсіз жерге айдалды.
Еске сала кетейік, су тасқынына қарсы іс-шараларға жұмылдыру үшін күштер мен құралдар Ұлытау облысынан Солтүстік Қазақстан облысына жіберілді.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі