
Колутон өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты 4.05-тен 4.63-ке дейін су өзен арнасының жағасынан шығып, кентке түсе бастады.
Жергілікті атқарушы органдар, ТЖ департаменті және полиция қызметкерлерімен дереу 93 адам, оның ішінде 48 бала эвакуацияланды.
Су тасқынына қарсы жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ Ақмола облысы ТЖД тұрақты бақылауында.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі