
Алматы қаласы ТЖД құтқарушылары жиынтық жасағының күштері мен құралдары Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғауда.
Құтқарушылар су тасқынына қарсы іс-шараларға тартылды, алғашқы күндерден бастап «Заречный» кентінде, сондай ақ «Ренет», «Труд», «Восход», «Надежда», «Обувка», «Кристал», «Сатурн», «Нептун», «Проектировщик», «Весна», «Жемчужина», «Строительный», «Клинок», «Ивушка», «Тихая заводь», «Голубой огонек», «Зеленый луг», «Изумруд» саяжай алаптарында эвакуациялық шаралар барысында жергілікті тұрғындарды хабардар ету жүргізілді.
11 сәуірде Петропавл маңындағы «Кожевенный» кентіндегі тұрғындарды хабардар етуге жеке құрамнан елуден астам адам жұмылдырылды, сонымен қатар Алматылық құтқарушылары тұрғандарға мүлікті шығаруға көмек көрсетуде .
«Подгора» шағын ауданы жергілікті тұрғындарды эвакуациялау туралы жадынамалары таратылып, түсіндіру-үгіт жұмыстары жүргізілуде.
11 сәуірдегі жағдай бойынша, 3 күн ішінде алматылық құтқарушылар 1430 жеке тұрғын үйді аралап шықты.
Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде өңірлердегі су тасқыны жағдайына байланысты Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдарын 56 қызметкерден құралған жиынтық тобы, авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін Ұлттық ұланның авиабортымен шықты.
Алматы қ.ТЖД баспасөз қызметі