
ТЖ департаменті, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар мен тұрғындар су тасқынына қарсы іс-шараларды белсенді жүргізуде. Су тасқыны кезеңінің басынан бастап елді мекендердің көшелері мен аула аумақтарынан 638мың текше метрден астам су сорылды. 249 мың метрден астам арық тазартылды. 146 мыңнан астам дана қап дайындалып, жуық төселді. 162 км-ден астам каналдар кеңейтіліп, тереңдетілді. 15 км. бөгеттер нығайтылды.
Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар арқылы 17 еріген су тасқыны тіркелді. Белгілер қойылды. Жергілікті атқарушы органдар мен полицияның күшімен кезекшілік ұйымдастырылды. Жағдай бақылау астына алынды. Жақын орналасқан елді мекендерді су басуға жол бермеу мақсатында, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарда еріген суларды өткізу үшін жол төсемін 8 рет ашу жүргізілді. Баламалы жол жүру, белгілер қойылып, кезекшілік ұйымдастырылды.
Сергеев су торабының бөгетінде Сергеев су қоймасының жотасының толып кетуі 3 метр 95 см құрайды. Есіл өзенінің жайылмасы толып жатыр, жақын орналасқан елді мекендерін: Шал ақын, Есіл және Қызылжар аудандарының, Петропавл қаласының Заречный кентінің су басу қаупі бар.
Бір тәулік ішінде Есіл ауданының 3 елді мекенінде (Покровка, Бірлік, Петровка) Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күшімен 19 тұрғын үйден 60 адам (оның ішінде 6 бала) эвакопунктке эвакуацияланды және туыстарына орналастырылды
Келесі күні облыс орталығына жақын Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Заречный кентінде кешкі уақытта құтқарушылардың, полиция қызметкерлерінің және жергілікті атқарушы органдардың күшімен эвакопунктте және туыстарына 500-ге жуық адам алдын ала эвакуацияланды, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта СҚО-да 78 үй, 185 үй маңындағы аумақ су астында қалып отыр, 1266 адам (оның ішінде 114 бала) эвакопункттерге және туыстарына эвакуацияланды. 2400-ден астам жануар эвакуацияланды.
Көмекке келген Түркістан, Қарағанды, Алматы, Ұлытау және Павлодар облыстарынан ТЖМ күштері, Қорғаныс министрлігінің бөлімшесі Петропавл қаласында және облыс аудандарында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысады.
Су тасқыны бар жедел жағдай ерекше бақылауда, Петропавл қаласының аудандарында тәулік бойы жедел штабтар жұмыс істейді.
СҚО ТЖД Қоғаммен байланыс тобы