Батыс Қазақстан облысында 2024 жылғы 26 наурыздан құрамында азаматтық қорғаудың облыстық қызметтерінің өкілдері бар су тасқынына қарсы жедел штаб құрылған болатын.
Штабта өңірдің елдімекендерінде су тасқыны салдарын жою, сондай-ақ, су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, еріген қар суын сору, қапшықтарды инертті материалдармен толтырып, төсеу, каналдарды, арық жүйелерін жағалауды нығайту жұмыстары, адамдарды құлақтандырып, қауіпсіз орындарға алдын ала эвакуациялау жалғасып, үйлестіруде.
Қазір аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізіліп отыр.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі