
Шиелі ауданының білім бөліміне қарасты №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінде «Жас құтқарушылар» кадет сыныбының ашылуы өтті.
Аталған іс-шараға, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ж.Түйменов, аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов, аудан Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ж.Мампаев, аудан білім бөлімі басшысының міндет атқарушы М.Ақпенбетов, аудан қоғамдық даму бөлімінің басшысы К.Есенбаев қатысты.
Іс-шара барысында жас құтқарушыларға куәлік табысталып, оларға төтенше жағдайлар кезінде алғашқы іс-әрекет жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі