
Қала және облыс аумағында су басқан тұрғын үйлер мен аула аумақтары жоқ, 1 автожолда су жүрді (облыстық жол).
Су шайған 60 жол төсемі бақылауда.
9 елді мекенде көлік қатынасы жоқ.
706 саяжайды су басты.
Жергілікті ауқымдағы 6 төтенше жағдай жарияланды.
Облыс аумағындағы өзендер қауіпті деңгейге жеткен жоқ (қауіпті/ нақты): Орал - 850 см/713 см, Шаған - 1280-1300 см/1190 см.
12970 адам, оның ішінде 5398 бала, 19 мүмкіндігі шектеулі адам эвакуацияланды. Эвакуациялау пункттеріне 1801 адам, оның ішінде 777 бала орналастырылды.
4886 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды.
Облыс бойынша барлығы 1 021 618 м3 еріген қар суы сорылды, 254 120 дана қапшық төселді, қазіргі уақытта 1452 адам, 128 бірлік техника, 8 бірлік мотопомпа, 9 дана жүзу құралы және 3 тікұшақ жұмылдырылған.
Сонымен қатар, Қырғызстан Республикасынан батыс өңірінде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 4 фура жүк көлігімен азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын және қажетті тұрмыстық заттарымен гуманитарлық көмек келген болатын.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі