
Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласындағы бау-бақша ұжымдарында су сору және инертті материалдар төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Ойыл ауданындағы Ойыл өзенінен, Қобда ауданындағы Үлкен Қобда өзенінен және Әйтеке би ауданындағы Щербаков бөгетінің бұзылуына байланысты барлық су тасқындары қазіргі таңда су деңгейінің төмендеуі, үйлер мен аула аумақтарынан еріген суды сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарының арқасында жойылуда.
Бірнеше күн бұрын Қарғалы су қоймасынан су жіберуге байланысты Қарғалы өзенінде су деңгейінің көтерілуі байқалды. Қарғалы өзенінің бойында орналасқан Ақтөбе қаласының тұрғын үй саяжайлары су басу қаупіне ұшырады. Қазіргі уақытта Қарғала өзені мен су жіберу деңгейі төмендетіліп, қауіп сейілді.
Облыстың қалған бөлігіндегі су тасқыны шыңы өтіп, су деңгейінің төмендеуі байқалады.
Ойыл ауылының тұрғындары мен техникасының понтондық өткелін ұйымдастыру үшін ҚМ инженерлік әскерлері Ақтөбе облысына келіп, халықты, азық-түлік пен мал азығын тасымалдауға жұмылдырылды.
Сонымен қатар бүгіннен бастап жеңіл автокөліктер понтон көпірі арқылы өтуде.
Эвакуацияланған 1470 адам уақытша орналастыру пункттеріне, 6072 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды. 10663 бас мал қауіпсіз жерлерге айдалды. Жедел штаб жұмысын үздіксіз атқаруда.
Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы