
Атбасар қаласында Жабай өзенінің деңгейі 4.45 сыни белгіден асып, 4.50-ді құрады. Жер біліктерін нығайту және қосымша салу жұмыстары жүргізілуде.
Бұған дейін халыққа су тасқыны болуы мүмкін жерлерден эвакуациялау қажеттігі туралы екі рет хабарланған болатын. Бүгінгі таңда 123 адам, оның ішінде 11 зейнеткер және 29 бала эвакуацияланды, барлығы туыстарының үйлеріне орналастырылды.
Су тасқынына қарсы жұмыстарға Ақмола, Жамбыл облыстарының ТЖД, Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері және еріктілерден 133 адам, 38 бірлік техника және 10 мотопомпалар жұмылдырылды.
Өткен тәулікте 72 960 м3 су сорылды, 1000 қап жиналып, 2000 қап инертті материал төселді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі