
Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері СҚО-да су тасқынымен күресуді жалғастыруда. Құтқарушылар Заречный кентіндегі бөгетті нығайтып жатыр. Осы уақытта 5000-нан астам дана қаптар дайындалды. Жұмыстар тәулік бойы жүргізіледі.
СҚО-ның жергілікті атқарушы органдарымен және полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Павлодар облысы ТЖД күштері мен құралдары аулаларды аралаумен, тұрғындарды хабардар етумен және эвакуациялаумен айналысады. Қызметкерлер үй жануарларын да эвакуациялап, кейін оларды ветеринарлық қызметке тапсырады.
Солтүстік Қазақстан облысында Павлодар облысы ТЖД барлығы 53 адам және 10 техникасы жұмыс істеуде.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі