Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуде

Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуде

Өңірлерде су тасқынынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін Апаттар медицинасы орталығының 7 филиалының 28 адамнан тұратын 10 медициналық бригадасы және 8 бірлік техника тартылды.

Бүгінгі таңда Апаттар медицинасы орталығының күшімен 170 адамға медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде 4 адам ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ психологтар шұғыл психологиялық көмек көрсетуде. Шұғыл психологиялық көмек көрсету үшін 27 психолог тартылды. «Жедел желі» телефоны ашылды, ағымдағы жылдың 10 сәуіріндегі жағдай бойынша 1214 қоңырау келіп түсті.