Су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг, сондай-ақ кейбір өңірлерде өзендерде  мұз жару жұмыстары жүргізілуде.

Мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында Ақмола облысының Қорғалжың (Нұра өзені), Атбасар (Жыланды өзені), Астрахан (Қалқұтан өзені), Сандықтау (Жабай өзені), Бұланды (Боқсық өзені) аудандарында жарылыс жұмыстары жүргізілді.

Су тасқыны салдарын жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстары, еріген қар суын бұру, инертті материалдар салынған қаптар төсеу, каналдарды, арық жүйелерін жағаларын нығайту жұмыстары, құлақтандыру және адамдарды қауіпсіз жерлерге  эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.

Зардап шеккен өңірлерге 167 935 кг гуманитарлық көмек жеткізілді.

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 444 жеке тұрғын үй, 336 аула аумағы су астында қалуда. Бірлескен күштермен 8,5 млн. астам текше метр еріген қар суы сорылды, 1,3 млн қапшық және 1,1 млн тонна инертті материал төселді. 2 750 тұрғын үй мен 1 816 аула аумағынан су бұрылды.

Су тасқыны басталғалы бері 96 472 адам, оның ішінде 31 640 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Тартылған әуе кемелерімен 2 823  адам, оның ішінде 865  бала құтқарылды. Уақытша орналасу пунктеріне 7 605 адам, оның ішінде 3 474 бала орналастырылды. 82 559 ауыл шаруашылық жануар қауіпсіздік жерге айдалды. «Жедел желі» телефонына 1 214 қоңырау түсті, психологтар зардап шеккен адамдарға писхологиялық көмек көрсетуде.

Су жүрген 139 автожол, су шайған 105 автожол, оның ішінде 8 көпір және 97 жол төсемі бақылауда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 69 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.

Атырау облысында Жем өзенінде су деңгейінің төмендеуі байқалады. Еріген суды бұру және халыққа көмек көрсету жұмыстары жалғасуда, 212 256 текше метр айдалды, 212 911 дана қап, 189 034 тонна инертті материал төселді, су ағынын Каспий теңізіне қарай өткізу қабілетін арттыру үшін Жем өзенінің атырауын бұзды. Жылыой ауданында 1005 адам, оның ішінде 205 бала эвакуацияланды, 624 адам эвакуациялық пункттеріне, қалғандары туыстарының үйлеріне орналастырылды.

Ақмола облысында Қосшы, Жарқайың, Есіл, Целиноград, Шортанды, Ақкөл, Астарахан, Атбасар және Біржан сал аудандарындағы су басқан аумақтардан еріген қар суын бұру жұмыстары жалғасуда. Қызыл Су, Қалқұтан, Қайрақты, Жабай өзендерінде су деңгейінің көтерілуі мен төгілуіне байланысты Есіл ауданының Садовое ауылында, Астрахан ауданының Ескi Қалқұтан ауылында, Бұланды ауданының Вознесенка ауылында, Атбасар ауданының Атбасар қаласында, Сандықтау ауданының Максимовка ауылында, сондай-ақ Жарқайың ауданының Пригородное ауылында қардың қарқынды еруіне байланысты 20 аула аумағы мен 29 жеке тұрғын үй су астында қалды, 59 адам алдын ала эвакуацияланды, олар туыстарының үйлеріне орналастырылды. Өзендер деңгейіне мониторинг жүргізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл, Есіл, Қызылжар, Жамбыл және Шал ақын аудандарындағы су басқан аумақтардан еріген қар суын бұру жұмыстары жалғасуда. Есіл өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты Есіл ауданының Покровка, Николаевка, Петровка ауылдарында 56 жеке тұрғын үй су астында қалды, үйлердің тұрғындары туыстарының үйлеріне өздігінен эвакуацияланды. Еріген қар суының келуіне байланысты Айыртау ауданының Янко ауылында, Қызылжар ауданының Семей ауылында, Петропавл қаласының Заречный кентінде 6 жеке тұрғын үй су астында қалды, 66 адам алдын ала эвакуацияланды, еріген қар суын сору және бұру жұмыстары жүргізілуде.

Батыс Қазақстан облысында Орал өзенінде жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда, 10 мың дана қап төселді, бау-бақша қоғамдарынан алдын ала 3 адам эвакуацияланды.

Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 24 295 адам,         2 655 бірлік техника, 469 су сору және 139 жүзу құралы, 10 әуе кемесі жұмылдырылды.