
Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып азаматтық қорғау полковнигі Дамир Мақсұтұлы Ермағамбетов тағайындалды.
Дамир Мақсұтұлы 1978 жылы 26 маусымда Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Федоровка ауылында дүниеге келген.
1998 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары техникалық училищесін, 2001 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар академиясының Көкшетау техникалық институтын бітірген.
Азаматтық қорғау органдарында 1995 жылдан бастап жұмыс істейді. Өзінің еңбек жолын мемлекеттік өрт қадағалау инспекторы, мемлекеттік өрт қадағалау, анықтау тобының инспекторы-аға инспекторы және анықтау бөлімшесінің аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушы болып бастаған.
Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы Өрт сөндіру қызметі және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің филиалы мамандандырылған жасағының бастығы, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары, Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы, Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы лауазымында қызмет атқарды. Соңғы жылдары Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.