
Павлодар облысында 2024 жылдың басынан автокөліктерде 10 рет өрт болып, бір адамның қаза табуы тіркелді. Автокөліктегі өрттің негізгі себептері электр сымдарының қысқа тұйықталуы, әлсіз жанасу салдарынан электр сымдарының қызуы, отын жүйесі қысымының төмендеуі, газ баллон жабдықтарының істен шығуы, өртеу, алкогольдік мас күйінде автокөліктерде темекі шегу болып табылады.
ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының мамандары автокөлікте өрт болған жағдайда келесі әрекет етуді ұсынады:
- бірден 101 немесе 112 нөмірі бойынша өртке қарсы қызметіне қоңырау шалу;
- клемманы ажырату арқылы көлікті өшіруді тырысу;
- алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіш) өртті сөндіру;
- жалынды брезентпен жауып, топырақпен, қыста қармен өшіру.
- өрттің таралуын болдырмау үшін жақын маңдағы көліктерді қауіпсіз жерге көшіру;
Аталмыш қарапайым ережелерді сақтау арқылы Сіз өзіңізді және автокөлігіңізді қорғап қаласыз.
Павлодар облысы ТЖД
МӨББ