Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайы

Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайы

Жалпы, халықты және аумақты су тасқынынан қорғау және авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Облыс аумағында 1087 үйді су басты.

Эвакуацияланған 1699 адам уақытша орналастыру пункттеріне орналастырылды, 6072 адам туыстарында. 10663 бас мал қауіпсіз жерлерге айдалды.

Өткен тәулікте, тәуліктің түнгі уақытын қоса алғанда, қауіпті учаскелерде шамамен 3000  дана қап және 25 730 тонна инертті материал төселді, 11030 м3 текше метр су сорылды.

Авариялық құтқару жұмыстарына 720  адам, 185 техника, 11 су сору құрылғысы және 8 жүзу құралы жұмылдырылды.

Мүдделі қызметтер мен ұйымдардың қатысуымен республикалық және облыстық жедел штабтар – ЖАО, Қазсушар, Қазавтожол тәулік бойы жұмысты жалғастыруда.

 

 Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы