Жетісу облысында өрт қауіпті кезеңде алдын алу жұмыстары басталды.
Көктемгі-жазғы өрт қауіпті кезеңнің басталуы әрдайым құрғақ өсімдіктерді өртеуге байланысты өрттердің күрт өсуімен сипатталады. Саяжайларда, үйлерде құрғақ шөптерді, қоқыстарды жағу кезінде өртті абайсыз пайдалану көбінесе төтенше жағдайдың пайда болуына алып келеды.
Осыған байланысты, құтқарушылар тұрақты түрде орманды дала және тұрғын үйлерде рейдтік іс-шаралар өткізеді, олардың негізгі мақсаты облыс тұрғындарын ақпараттандыру болып табылады.
Тек демалыс күндері профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында 12 мобильдік топ жұмылдырылып, 22 рейд өткізілді.
Жетісу облысының төтенше жағдайлар Департаменті облысымыздың тұрғындары мен қонақтарынан өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауды сұрайды:
- өрт тудыруы мүмкін демалыс орындарында қоқысты қалдырмаңыз және өзіңізбен бірге алып жүріңіз;
- таулы орманды жерлерге барған кезде от жағуға болмайды;
- сөндірілмеген темекіні қалдырмаңыз;
- бөтелкелерді күн шуақты жазық шалғындарда, әйнек сынықтарын қалдырмаңыз.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі