Қырғызстаннан Ақтөбеге гуманитарлық көмек келді

Қырғызстаннан Ақтөбеге гуманитарлық көмек келді

8 сәуірде Ақтөбе облысына Қырғызстан Республикасынан  гуманитарлық көмек келді.

Гуманитарлық көмекті күтіп алуға ТЖМ өкілдері барды.

ҚР ТЖ вице-министрі Серік Төленбергенов Қырғыз Республикасының ТЖ вице-министрі орынбасары Урматбек Шамыркановпен кездесті.

Кездесу барысында ТЖ вице-министрі қиын қыстау күнде көмек қолын созған Қырғыз еліне өз ризашылығын білдірді.

Әрі қарай гуманитарлық көмек Батыс Қазақстан және Атырау облыстарына жіберілуде.

 

Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы