Ақмола облысының Есіл ауданында 400-ден астам тұрғын эвакуацияланды

Ақмола облысының Есіл ауданында 400-ден астам тұрғын эвакуацияланды

Бір тәулік ішінде Есіл ауданының құтқарушылары Ленинское, Игілік және Свободное ауылдарынан 461 адамды, оның ішінде 143 баланы, сондай-ақ 17 ірі қара мал мен 25 шошқаны эвакуациялады.

Аталмыш ауылдардан эвакуациялау жұмыстары Есіл өзенінің тірелуіне және оның Қызыл Су өзенінің саласының төгілуіне байланысты, сондай-ақ, халықты су басу қаупі туындағандықтан жүргізілді. Қазіргі уақытта ауданда су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда.

 

Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметі