Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайы

Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайы

Жалпы, халықты және аумақты су тасқынынан қорғау және авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Қарғалы өзенінің деңгейі көтерілуіне байланысты Қарғалы бойындағы бау-бақша ұжымдары мен елді мекендерде қауіп сақталуда.

Бүгін жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша бау-бақша ұжымдарында 202 адам эвакуацияланды, оның ішінде 101 бала. Қазір бау-бақша ұжымдарында судың бағытын бұру, құммен бекіту, биіктету жұмыстары кешелі бері жалғасуда.

 

Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы