Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары 2024 жылғы 8 сәуір күні жеке құрамнан 33 адам, 4 бірлік техника, 4 бірлік мотопомпа және 3 бірлік үрмелі қайық авариялық-құтқару мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу мақсатында Петропавл қаласына аттанды.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі