
2024 жылғы 4-5 сәуір аралығында Әл-Фараби атындағы Елордалық Оқушылар сарайының базасында Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Болат Өтемұратов қорының қолдауымен мектептегі өзін-өзі басқару көшбасшыларының республикалық слеті ұйымдастырылды.
Мектептің өзін-өзі басқару көшбасшыларының слетінде еліміздің 20 өңірінен ТЖ министрлері қатысты. Төтенше жағдайлар министрлігіне «Талпыныс, сенім, жеңіс!» атты пікірталас алаңы ұсынылды. Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Мадат Мұсаұлы Жағалбайлы спикер ретінде қатысты. Берілген алаңда ТЖ жас министрлерге дағдарыс жағдайындағы жылдам шешуге арналған кейстер ұсынылды. Арнайы кейстерді ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдері комитеті әзірледі.
Пікірталас тақырыптары мынадай болды:
Адамдарды құтқаратын мамандық бар!
«Құтқарушы» мамандығының беделі!
Болашақ құтқарушыға қажетті қасиеттер!
Біздің заманымыздың батыры!
Жас ТЖ министрлері өрт сөндіру бөліміне барды, онда құтқару техникасы, жабдықтар мен құралдар көрмесі, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайына экскурсия көрсетілді, сондай-ақ маусымдық төтенше жағдайларға әңгімелер өткізілді.
Слет қорытындысы бойынша ТЖ жас министрлерге лауазымындағы қызметінде ұсынымдар мен тілектер айтылды, республикалық слеттің негізгі мақсатына қол жеткізілді.
ҚР ТЖМ
Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті