Су тасқынынан кейін республикалық маңызы бар жолда қозғалыс қалпына келтірілді

Су тасқынынан кейін республикалық маңызы бар жолда қозғалыс қалпына келтірілді

Жолдағы судың жүріп кету жағдайының тоқтауы және су тасқынына қарсы жұмыстардың аяқталуына байланысты «Атамекен - Ертіс - Русская Поляна» автожолында көлік құралдары үшін қозғалысты шектеу алынып тасталды.

Ақтоғай, Шарбақты, Тереңкөл аудандарындағы елді мекендердегі су тасқынына қарсы 3 учаскесі  бақылауда. Онда су тасқынына қарсы жұмыстар аяқталу сатысында.

Ақтоғай ауданындағы 2 тұрғын үй су астында қалып отыр.

Облыс бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 59 адам, 28 бірлік техника, 12 мотопомпалар жұмылдырылды. Бұл ТЖД, ЖАО, жол қызметі және Полиция департаментінің күштері мен құралдары болып табылады.

Өткен тәулікте 90 мың текше метрден астам еріген су сорылып, 744 тонна инертті материал төгілді.

 

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі