
Қала және облыс аумағында су басқан тұрғын үйлер мен аула аумақтары жоқ, 5 автожолдан су өтті (облыстық – 4, жергілікті - 1).
60 жол төсемін су шайып кетуі бақылауда.
Көлік қатынасы жоқ 9 елдімекен бар.
427 саяжайды су басты.
Жергілікті масштабта 6 төтенше жағдай жарияланды.
Облыс аумағындағы өзендер қауіпті деңгейге жеткен жоқ (қауіпті/ нақты): Орал - 850 см/698 см, Шаған - 1280-1300 см/1294 см.
7048 адам эвакуацияланды, оның ішінде 3665 бала, 19 мүмкіндігі шектеулі. Эвакуациялық пункттерде 1455 адам орналасқан, оның ішінде 604 бала.
4580 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды.
Облыс бойынша барлығы 1020 мың м3 еріген қар суы сорылды, 238 мыңнан астам дана қапшық төселді, қазіргі уақытта 602 адам, 112 бірлік техника, 2 бірлік мотопомпа, 6 дана жүзу құралы және 3 вертолет жұмылдырылған.
Қаратөбе ауданының Қарақамыс ауылына «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8 тікұшағымен төтеншеліктердің көмегімен облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасынан 2 тонна көлемінде гуманитарлық жүк жеткізілді.
Қарақамыс ауылында қазіргі уақытта көлік қатынасы жоқ, ауылдан 6 адам, оның ішінде 4 бала Орал қаласына эвакуацияланды.
Сонымен қатар, Қырғызстан Республикасынан Батыс Қазақстан облысына гуманитарлық көмек ретінде 4 «Камаз» жүк көлігі жолға шыққан болатын, қазіргі сәтте колонна Арал қаласы тұсында.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі