Ақмола облысындағы су тасқыны жағдайы

Ақмола облысындағы су тасқыны жағдайы

Арқасында адамдар және қолдарында қойлармен. Кешегі күн Есіл ауданының құтқарушылары үшін осылай өтті.

Есіл қаласында Есіл өзенінің деңгейінің көтерілуіне байланысты 5 жеке тұрғын үй мен 18 көппәтерлі тұрғын үй су астында қалды. Нәтижесінде, құтқарушылар 32 адамды эвакуациялады, оның ішінде 12 бала, сонымен қатар, Есіл ауданының құтқарушылары 20 бас қой мен 2 жылқыны судан шығарып алды.

Құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тәулігіне 3300 м3 су айдады.

Сондай-ақ, Аршалы ауданы Жібек жолы ауылының 8 шағын ауданында да 23 бас қой құтқарылды.

Шортандылық тұрғындар құтқарушыларға алғыс білдірді. Бір тәулік ішінде Шортанды ауданының құтқарушылары Камышенка ауылынан 34 адамды, оның ішінде 14 баланы эвакуациялады.

Колутон өзенінің деңгейінің көтерілуіне және қардың көп еруіне байланысты 36 үй ауласы мен 8 жеке тұрғын үй су астында қалды. Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда.

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі