
5 сәуірдегі жағдай бойынша облыстағы автокөлік жолдарының 3 учаскесі бақылауда тұр, оның ішінде су жүріп кеткен 2 облыстық және 1 республикалық маңызы бар автокөлік учаскесі. Сонымен қатар, Ақтоғай, Ертіс, Шарбақты, Тереңкөл аудандарында орналасқан 7 учаскесі бақылауда және су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр.
5 сәуір күніне Ақтоғай және Шарбақты аудандарында 7 тұрғын үй су астында қалып отыр.
Қардың қарқынды еруіне байланысты еріген су деңгейінің күрт өсуі байқалды, соның салдарынан Ертіс ауданы Ағашорын ауылындағы тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады. Жергілікті жерде тұрғын үйлерді су басуға жол бермеу үшін ТЖД, ЖАО күштерімен еріген суларды бұру жұмыстары жүргізілуде және жергілікті тұрғындар да белсенді көмек көрсетуде. Ауылда еріген су деңгейіне тәулік бойы кезекшілік жүзеге асырылады.
Ертіс ауданының Ұзынсу ауылында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда. Еріген суды ағызу үшін траншеялар салынды, мотопомпалар жұмыс істеуде.
Облыс бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 268 адам, 114 бірлік техника, 30 мотопомпа, 2 жүзу құралдары жұмылдырылды. Бұл ТЖД, ЖАО, жол қызметі және Полиция департаментінің күштері мен құралдары болып табылады.
Өткен тәулікте 87 294 м3 еріген су сорылды, 300 дана қап төселді, 300 тонна инертті материал төгілді.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі