
Облыс бойынша қар жамылғысының көлемі 65 % құрайды. Өңірде дауылды ескерту жалғасуда, қардың белсенді еруіне байланысты су деңгейінің көтерілуі және еріген беткейлік ағындардың қалыптасуы мүмкін.
Су айдындарында тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.
Құтқарушылар үйлерді аралап су тасқыны туындаған жағдайда орындалуы қажет ережелер мен нұсқауларды халыққа нұсқау берілуде.
Алтай ауданында су тасқынына қарсы жұмыстарға Семей қаласынан көмекке келген ҚР ТЖМ №68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жұмылдырылды.
Жағдай күрделене түскен жағдайда жргілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтері құрылымдарының күштері мен құралдарының 2270 адамнан тұратын топтамасы, 732 бірлік техника, сондай-ақ 61 бірлік жүзу құралдары мен 234 мотопомпалар қалыптастырылды.
Жергілікті атқарушы органдар жалпы сыйымдылығы 17 мың адамнан асатын 153 азаматты орналастыру пунктері бекітілді.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі