Целиноград ауданының Талапкер ауылы бойынша ақпарат

Целиноград ауданының Талапкер ауылы бойынша ақпарат

2024 жылдың 5 сәуірінде Целиноград ауданының Талапкер ауылында 26 үйдің аула учаскелерін су басу туралы бұрын берілген ақпарат бойынша жұмыстар толық көлемде аяқталды. Жеке құрам халықтан келіп түскен өтінімдер бойынша жұмыстарды орындау үшін штаттық режимге ауыстырылды. Талапкер ауылы арқылы өтетін арна штаттық режимде жұмыс істейді.

4 сәуірден бастап елордалық құтқарушылар Ақмола облысы Талапкер ауылында су сору және инертті материалдары бар қапшықтарды төсеу  жұмыстарын жүргізуде. Өткен тәуліктен бері елордалық құтқарушылар күшімен ауыл үйлерінің аулалары мен ашық учаскелерден 2650 текше метр су сорылды.

 

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі