Төтенше жағдайлар департаментінде облыс әкімі Нариман Төреғалиев және ТЖ вице-министрі Ерлан Нұрпейісовтың төрағалығымен жедел штаб отырысы өтті. Отырысқа облыстық басқармалар мен департаменттер басшылары қатысып, су тасқыны кезеңінің өту барысы талқыланды.
Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Руслан Касымбаев облыстағы су тасқыны жағдайы туралы соңғы мәліметтерді баяндады..
Өңір басшысы облыста су тасқыны жағдайы күрделі екенін атап өтіп, барлық құзыретті мемлекеттік органдарға бірлесіп жұмыс істеуді тапсырды.
Облыста су тасқынын жою және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жұмыстары жалғасуда.
7 мыңға жуық адам эвакуацияланды, оның ішінде 3600-дей бала. Эвакуациялық пункттерде 1 мыңнан аса адам орналасқан, қалған 5485 адам туыстарында орналасқан.
Көлік қатынасы жоқ 10 елдімекен бар. Аталған елдімекендердің азық-түлік дүкендерінде азық-түлік қоры алдын ала ұйымдастырылған.
Қазіргі уақытта жағдай тұрақты күрделі және бақылауда.
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Қарашығанақ, Димитров кенттерінде тұрғындарды ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштері және құралдарымен алдын ала эвакуациялау жүргізілді. Барлығы 25 адам эвакуацияланды, оның ішінде 1 бала.
БҚО ТЖД Баспасөз қызметі