
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Жем өзені бойымен еріген судың көп мөлшерде келуіне байланысты Атырау облысы Жылыой ауданы Жем өзенінің су деңгейі көтерілуде.
2024 жылғы 5 сәуірде Құлсары қаласын су басу қаупі орын алды. Жылыой ауданында дабыл сиренасы іске қосылды. Қазіргі уақытта 130 адам, оның ішінде 84 бала эвакуацияланды.
Су басу қаупінің алдын алу мақсатында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 1 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін 41996 дана қап, 135 418 тонна инертті материал төселді.
Бөгеттерді нығайту жұмыстарына ЖАО, АПБ, ҚМ әскери бөлімі, ТЖД қызметкерлерінен жалпы саны 323 қызметкер, 142 техника; еріктілер және ауыл тұрғындарынан 4540 адам жұмылдырылды.
Қалыптасқан жағдайға байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, 4 сәуірде кешкі уақыттан бері Атырау қаласының Құлсары қаласындағы станциясынан жолаушылар пойызы тұрғындарды тегін тасымалдауда.
5 сәуірде еріген қар суының салдарынан Атырау облысы «Мұкыр-Құлсары» автожолының 0-136 шақырымында (Мұқыр ауылы - Құлсары қаласы учаскесі) көлік құралының барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы