
5 сәуірде 1993 жылы туған тұрғын улы газбен улану белгілерімен медициналық мекемеге түсті.
Бір күн бұрын үйде нашар тартатын пешті жағылды, бұл тұрғын үйдің бөлмелеріне улы газдың таралуына әкеп соқты. Соның салдарынан жазатайым оқиға орын алды.
Өңірде ШҚО ТЖД мамандарымен 237 00-ден астам профилактикалық аралау жүргізілді, 284 000-ға жуық тұрғын қамтылды. Нәтижесінде пешті жылытуды тиісінше пайдаланбауға байланысты 45472-ден астам бұзушылық тіркелді.
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді:
- пештердің, мұржалардың жағдайын қадағалаңыз және оларды үнемі тазалап отырыңыз;
- пешті ұйқыдан бірнеше сағат бұрын жағуды тоқтатуға тырысыңыз
- ысырманы жаппаңыз;
- күлді, қожды жанатын құрылыстардан 15 метр қашықтықта орналасқан арнайы бөлінген жерге апарып төгіңіз;
- күн жылынған, ауа температурасы құбылып тұрған кезде және пеш мұржасы тазаланбаған жағдайда улы газбен улану орын алуы мүмкін.
Төтенше жағдай кезінде 101 және 112 нөмірлеріне хабарласыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі