
2024 жылғы 1-4 сәуір аралығында Көкшетау қаласындағы «Динамо» Дене шынықтыру-спорт қоғамының спорт кешені базасында қазақстанның құқық қорғау органдарының, күштік және арнайы құрылымдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері арасында «Динамо» ДШСҚ-ның XI ведомствоаралық спартакиадасы және ҚР ІІМ-нің «Қазақ күресі» бойынша XI Спартакиадасы өтті.
Спартакиадаға ІІМ, ТЖМ, Қорғанысмині, СЖҚА, ҚМА, ҰҚК, ҚАЖК, АКҚБ, ҚР ІІМ құрама командалары және «Динамо» командалары қатысты. Командалардың жалпы саны - 28, қатысушылардың саны 140-тан астам.
Командалар құрамында 7 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 32 спорт шебері, 47 спорт шеберіне кандидат, сондай-ақ 11 әлемдік Азия біріншіліктерінің чемпиондары мен жүлдегерлері болды. Жарысқа алты салмақ дәрежесінде барлығы 28 команда қатысты.
Спартакиаданың қорытындысы бойынша ТЖМ командасы табанды күрес барысында 4-ші орын, 3-ші орын Қарағанды облысы ПД командасына, 2-ші орын Астана ПД, құрметті 1-ші орын – Ақмола облысы ПД командасына бұйырды.
Өз кезегінде жеке есепте:
Астана қ. 11-ӨСБ өрт сөндіруші құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты Ғилаж Мұхтар Ғабитұлы 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 3-ші орынды иеленді.
Ақмола облысы Зеренді ауылының 14-ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Ерлик Исмагзанов 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде лайықты 3-ші орын алды.
Сондай-ақ, Көкшетау қаласының 11-ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенант Джаниев Ибрагим 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» грамотасымен және кубогымен марапатталды. Тізе жарақатына байланысты дәрігерлер оның одан әрі қатысуына жол бермеу туралы шешім қабылдады ол финалға шығу үшін бәсекеге түсе алмады.
ҚР ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаменті