
Үлкен жүректі, қайсар рухты құтқарушы Иван Петерс.
Құтқарушы болып еңбек еткеніне жарты жыл болса да, оның ерлігі Қостанай өңірінде ғана емес, басқа да аудандарда танымал болды. Иван небәрі 19 жаста, дегенмен ол қиындықтардан қорықпайды және кез келген жағдайда көмекке асығуға дайын.
«Қазспас» халықаралық құтқару жарыстарына қатысып, өз шеберлігі мен кәсібилігін көрсетті. Оның жасаған ерлігі көп. Иван қар құрсауынан құтқару жұмыстарына және адасқан балықшылар мен шопандарды құтқаруға ат салысты, жарылыстан кейін қирандыларды қазу жұмыстарына қатысты.
Қазір ол Жангелді ауданында еріген су басқан ауылдардағы адамдарды, балалар мен жануарларды құтқаруда. Оның батылдығы мен адам өмірін сақтап қалудағы табандылығы көпшілікке үлгі әрі өнеге болды.
Иван Петерс – нағыз қаһарман, оның ерліктері өзі көмекке келген жандардың жүрегінде және жадында ұзақ сақталады. Адам өмірін сақтап қалуға деген адалдығы құрмет пен мақтауға лайық.
Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі