Шығыс Қазақстанда су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде

Шығыс Қазақстанда су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде

Облыс бойынша қар жамылғысының ауданы 67% құрайды, Күршім, Тарбағатай, Зайсан аудандарының, Өскемен қаласының жазық аумағында қар жоқ.

Өңірде дауылды ескерту әрекет етеді, белсенді қар еруіне байланысты су деңгейінің көтерілуі және талдың және беткейлік ағындардың қалыптасуы мүмкін.

Су айдындарында тұрақты мониторинг жүргізіледі. Құтқарушылар үйлерді аралап, тұрғындарға су тасқынындағы тәртіп ережелеріне нұсқау береді.

Жағдай күрделене түскен жағдайда жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтері құралымдарының саны  2270 адам, 732 бірлік техника, сондай-ақ 61 бірлік жүзу құралдары мен 234 мотопомпалар болатын күштер мен құралдар қалыптастырылды.

            ШҚО ТЖД баспасөз қызметі