Павлодар облысындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар

Павлодар облысындағы  су тасқынына қарсы іс-шаралар

4 сәуірдегі жағдай бойынша облыстың 5 автожол учаскесі бақылауда, оның ішінде 1 республикалық, 3 облыстық  және 1 аудандық маңызы бар жолдар.

Сонымен қатар, Ақтоғай, Ертіс, Шарбақты, Тереңкөл аудандарында орналасқан 7 елді мекендері бақылауда және су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде.

Қардың еруі мен қатты нөсер жаңбырдың салдарынан аймақтағы 8 тұрғын үй су астында қалып отыр.

Жалаулы ауылында ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күшімен жағдай тұрақтандырылды. Су жинауға арналған шұңқырлар қазылып, траншеялар салынды, ауыл көшелерінен еріген су сорылды. Осы күнде ауылдағы су деңгейіне бақылау жалғасуда.

Ұзынсу ауылында үй маңындағы аумақтар мен тұрғын үйлерді су басу қаупін жою үшін су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Жұмыстарға 10 бірлік техника, 2 жүзу құралы, 6 мотопомпа және ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың 27 адамы жұмылдырылды. Сонымен қатар, жұмыстарға жергілікті тұрғындардан 28 адамы белсенді қатысуда. Ауыл тұрғындары сумен, электр қуатымен, азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.

ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аудан орталығына - Ертіс ауылына Ұзынсу ауылынан 9 адам, оның ішінде 7 бала және 2 ересек адам - 1 мүгедек және 1 жүкті әйелді эвакуациялады.

Облыс бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 417 адам, 143 бірлік техника, 36 мотопомпалар, 4 жүзу құралдары, 3 тереңдету сорғылары жұмылдырылды. Бұл ТЖД, ЖАО, жол қызметі және Полиция департаментінің күштері мен құралдары.

Өткен тәулікте 74 мың текше метр еріген су сорылды және 800 дана қапшық салынды.

 

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі