
1 сәуірде елордалық өрт сөндірушілер қаланың оң жағалауында болған өртте 7 адамды, оның ішінде бір баланы құтқарды.
Оқиға орнында жедел жеткен 5-МӨСБ бөлімше құрамында өрт сөндіруші-құтқарушы Нұрдаулет Есдаулетовте болды. Ол оқиға орнына жетіп, жағдайды бағалап, үшиінді сатыны орнатып, өзінің ержүректілігі мен батылдығын таныта отырып, тоғыз қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында көмекке мұқтаж болған жас баланы құтқарды.
«Біздің басты міндетіміз құтқару және мүлік шығынын барынша болдырмау. Адамдарды құтқару кезінде қойылған міндетімді мүлтіксіз орындауға тырысамыз, ал әрбір құтқарылған өмір біздің жұмысымыздың сәтті шыққаны. Кез келген өрт сөндіруші өз өміріне қауіп төнседе, өзгенің өмірін басты орынға қояды», - дейді Нұрдаулет.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі