Су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг, сондай-ақ кейбір өңірлерде өзендерде  мұз жару жұмыстары жүргізілуде.

Мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында Ақмола облысының Целиноград ауданында Преображенка ауылының маңындағы Нұра өзенінде, Шортанды ауданында Колутон өзенінде, Абай облысы Бородулиха ауданы Красный Яр ауылының маңындағы Уба өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ Қарағанды облысының Осакаров ауданында Николаевка ауылының маңындағы Сабырқожа өзенінде мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілді.

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ұлытау облыстарының елді мекендерінде су тасқыны салдарын жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстары, еріген қар суын бұру, инертті материалдар салынған қаптар төсеу, каналдарды, арық жүйелерін жағаларын нығайту жұмыстары, құлақтандыру және адамдарды қауіпсіз жерлерге  эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.

Су тасқыны басталғаннан бері Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында 1 043 жеке тұрғын үй және 298 аула аумағы су астында қалуда. 691 үй мен 1 042 аула аумағынан еріген қар суы сорылды. 18 945 адам, оның ішінде 8 202 бала құтқарылды және эвакуацияланды. 6,2 млн. м3 еріген қар суы сорылды, 728 мың қап және 942 мың тонна инертті материал төселді.

Су шайған 77 автожол, оның ішінде 4 көпір және 73 жол төсемі, су жүрген 114 автожол бақылауда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 63 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.

Қардың тез еруіне байланысты Ақмола облысы Жарқайың ауданының Пригородное ауылындағы 8 жеке тұрғын үйді су басты. 19 адам, оның ішінде 2 бала және 1 жүкті әйел эвакуацияланды, бұл ретте барлық эвакуацияланғандар туыстарының үйлеріне барды, сондай-ақ 34 бас мал қауіпсіз жерлерге айдалды.

Қардың тез еруіне байланысты Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Қарасай ауылында 1 жеке тұрғын үй мен 2 аула аумағын су басты, бұл ретте үй тұрғындары алдын ала эвакуацияланды. Қардың еруі мен «Тереңсай» бөгетінің суға толуы салдарынан Әйтеке би ауданының Айке ауылындағы 2 жеке тұрғын үйді су басты, ауылдан Жүргенев ауылына алдын ала 297 адам, оның ішінде 79 бала эвакуацияланды. Ойыл ауданының 5 елді мекеніндегі жеке үйлерді су басуына байланысты ҚР ҚМ әуе кемелерінде Ойыл ауылы мен Ақтөбе қаласына қосымша 85 адам, оның ішінде 27 бала эвакуацияланды, 6,2 тонна гуманитарлық жүк жеткізілді, сондай-ақ 2 тонна гуманитарлық жүк жерүсті жолымен тасымалданды. Бұл аудандарда еріген қар суын бұру және сору, халыққа көмек көрсету, сондай-ақ жағалауды инертті материалдармен және қаптармен нығайту жұмыстары жалғасуда. Еріген қар суын сору және бұру және халыққа көмек көрсету жұмыстары жалғасуда.

Егістіктерден көп мөлшерде еріген қар суы келуіне байланысты Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Махамбет кентін су басу қаупі төніп, 20 тұрғын эвакуацияланды. Сонымен қатар Теректі жне Бәйтерек аудандары Орал қаласының аумағында Шаған және Деркөл өзендерінде су деңгейінің көтерілуі, Ұзынкөл су қоймасы бөгетін шаю қаупі және қардың қарқынды еруі салдарынан жеке тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады. 2 544 адам, оның ішінде 1 085 бала алдын ала эвакуацияланды, 230 бас мал қауіпсіз жерлерге айдалды. Эвакуациялық жиналу орындарында кезекшілік ұйымдастырылды. Орал қаласының аумағында Шаған өзенінің арналары бойынша көшпелі жедел Штаб ашылды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 11 мыңнан астам адам, 2,5 мың техника, 626 су айдау құралы және 140 жүзу құралы, 9 әуе кемесі жұмылдырылды.