Ауа-райының құбылмалы жағдайларына байланысты облыста жауын-шашынның түсуі тауларда көшкін қаупін сақтайды. «Қазселденқорғау» ММ ШҚ филиалының мамандары жүргізген мониторинг Катонқарағай ауданындағы «Берел–Рахман қайнары» автожолының учаскесінде көшкіндерді профилактикалық түсіру қажет екенін көрсетті.
ШҚО ТЖД және «Қазселденқорғау» қызметкерлері жарылыс жұмыстарын ұйымдастырып, нәтижесінде қауіпті учаске тазартылды. Мұнда 7400 текше метр қар түсірілді.
Көшкін қаупі бар кезеңнің басынан бастап өңірде 96 рет қар түсіріліп, нәтижесінде 228070 текше метр қар массасы түсірілді.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі