Қауіпті улы газ!

Қауіпті улы газ!

Жылыту кезеңі басталғаннан бері елорда аумағында көміртегі тотығымен уланудан 10 адам зардап шекті, оның ішінде 5 бала.

Адамдарды көміртегі тотығымен уланудан алдын алу мақсатында 15 тамыздан бастап тұрғын үй қорында аулаларды аралау, түсіндіру, халыққа ұсынымдар тапсыру жолымен профилактикалық жұмыс басталды. Тұрғылықты жері бойынша атаулы профилактикалық жұмыс жүргізілген халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйіне басты назар аударылды. Аталған санаттағы үйлерде 412 көміртегі тотығы датчигі орнатылған.

Департамент қызметкерлері профилактикалық іс – шараларды өткізу барысында тұрғындарға төмендегідей қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді:

жылыту маусымы басталмас бұрын үйіңіздегі пешті тексеріп, жөндеу жұмыстарын өткізу қажет. Құрылыс нормалары кез – келген пештің өртке қарсы қатаң талаптарға сай болуын талап етеді;

пештің алдында еденге өлшемі 50х70 см болатын пешке дейінгі металл парақты орнату қажет;

жанып жатқан пешті қараусыз қалдыру өте қауіпті;

шатырларда түтін арналары өтетін барлық түтін құбырлары мен қабырғаларды әктеу қажет;

пештің құбырын ыстан жылыту маусымы кезінде кемінде 2 не 3 рет мұржалар мен пештер оларда жиналған күйеден тазалау қажет.

 

Астана қаласы ТЖД

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы