Елордалық өрт сөндірушілер газ баллонының жарылуына жол бермеді

Елордалық өрт сөндірушілер газ баллонының жарылуына жол бермеді

2 сәуірде сағат 16.08-де Астана қаласы ТЖД бөлімшелері Армандастар көшесіндегі жеке үйде газ баллонының жанғаны туралы келіп түскен хабарламаға шықты.
№ 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері келгеннен кейін үйдің асхана бөлмесінде газ баллон, газ плитасы және жиһаздың жануы анықталды.
Жағдайды бағалай отырып, № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Абылай Қалижанов батылдық пен ерлік танытып, жанып жатқан газ баллонын шығарды, осылайша баллонның жарылуына және үй тұрғындарының мүлік шығына жол бермеді. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерімен өрт сағат 16.25-те толығымен жойылды.
Құрметті тұрғындар, Астана қаласының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауларыңызды еске салады, өрт туындаған жағдайда дереу 101 нөміріне қоңырау шалыңыздар!

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі