
Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы белсенді іс-шаралар жалғасуда. Облыс аумағында 762 үйді су басты. Эвакуацияланған 1957 адам уақытша орналастыру пункттеріне орналастырылды, 4665 адам туыстарында. 7072 бас мал қауіпсіз жерлерге айдалды.
Өкен тәулікте, тәуліктің түнгі уақытын қоса алғанда, қауіпті учаскелерде шамамен 3100 дана қап және 6394 тонна инертті материал төселді, 86935 м3 текше метр су сорылды.
Авариялық құтқару жұмыстарына 1398 адам, 197 техника, 59 су сору құрылғысы және 10 жүзу құралы жұмылдырылды.
Мүдделі қызметтер мен ұйымдардың қатысуымен республикалық және облыстық жедел штабтар – ЖАО, Қазсушар, Қазавтожол тәулік бойы жұмысты жалғастыруда.
«Жедел желі» телефоны жұмыс істейді, оған ақпараттық сипаттағы 166 қоңырау түсті.
Сазды су қоймасындағы су ағынының ұлғаюы нәтижесінде Сазды және Жіңішке өзендеріндегі су деңгейін азайту мақсатында, суды ағызудың жоғарылауту жұмыстары жасалуда. Бұл ретте өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін.
ТЖД құтқарушылары азаматтарды жақын маңдағы ауылдардан алдын ала эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта 25 адам эвакуацияланды, оның ішінде 9 бала.
Жалпы, халықты және аумақты су тасқынынан қорғау және авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы