
Нұра өзенінің бойындағы шатырда ерлі-зайыптылардың не істегені белгісіз. Бірақ оларды ақмолалық құтқарушылар құтқаруға мәжбүр болды.
Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде, кешке қарай жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 1968 және 1966 жылы туған күйеуі мен әйелін құтқарды. Нұра өзенінің арнасының төгілуіне байланысты жұп құрлықтан ажырап қалған.
Оқиға Қосшы қаласы Тайтөбе ауылының қасында орын алды. Ерлі-зайыптылар Қосшы қаласына туыстарына аман-сау жеткізілді.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі